$ 511.18  530.6  5.28

Төрехан Сабырхан мен Назым Қызайбай финалдық жекпе-жексіз ел чемпионы атанды

 Назым Қызайбай Олимпиада ойындарынан кейінгі алғашқы жарысында чемпион атанды.

Фото: ©️ kfb.kz
Фото: ©️ kfb.kz

Бокстан Қарағандыда өтіп жатқан ел чемпионатының екі бірдей финалдық жекпе-жегі өтпейтін болды. Жарақатына байланысты екі боксшы жұдырықтасудан бас тартты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

67 келіде Санатәлі Төлтаевтың (Маңғыстау облысы) жарақатына байланысты финалдық жекпе жек өткізілмейді. Осылайша Түркістан облысынан келген Төрехан Сабырхан ересектер арасындағы алғашқы жарысында ел чемпионы болды.

48 келіде Ақбота Болаттың (Қызылорда облысы) жарақатына байланысты финалдық жекпе-жек өткізілмейді. Назым Қызайбай Олимпиада ойындарынан кейінгі алғашқы жарысында чемпион атанды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары