$ 527.3  544.86  4.95

Қазақстандық үш спортшының қанынан допинг табылды

Ол спорттан бес жылға шеттетіледі:

Фото: instagram/kurlaev.konstantin
Фото: instagram/kurlaev.konstantin

Қазақстанның намысын қорғайтын үш пауэрлифтер, атап айтқанда: Константин Курлаев, Полина Щербина және Арслан Сүйінішалиев допингке қарсы ережелерді бұзғаны үшін ұсталды, деп хабарлайды Sкifnews.kz ақпарат порталы.

sportarena.kz мәліметінше, бұл спортшылар біраз уақытқа спорттан шектетіледі, алайда қайтып оралулары қиынға түспек.

Константин Курлаев: 2024 жылдың 5 қазанында дростанолонды қолданғаны үшін ұсталды. Дисквалификация мерзімі — үш жыл: 31.10.2024 – 31.10.2027.

Полина Щербина: 2024 жылдың 2 қазанында дростанолонды қолданғаны үшін ұсталды. Дисквалификация мерзімі — үш жыл: 31.10.2024 – 31.10.2027.

Арслан Сүйінішалиевтің жағдайы біршама күрделі, өйткені оның қанынан үш дәрі табылды – LGD-4033, кломифен, метандиенон. Бұл деректер 2024 жылдың 1 маусымында анықталды. Ол бес жылға шеттетіледі: 02.08.2024 — 02.08.2029.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 5
Күлкілі 3
Ашулы 6

Серіктес жаңалықтары