Шымкенттік балуан Қаламқас есімді арумен отау құрған.
"Қазақстан барысы – 2024" турнирінде күміс жүлде еншілеген шымкенттік балуан Ерсұлтан Мұзаппаров үйленді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Ерсұлтан Мұзаппаров үйлену тойында түсірілген фотоларды Instagram желісіндегі Stories-те бөлісті. Шымкенттік балуан Қаламқас есімді арумен отау құрған.
Жас жұбайлардың қуанышына ортақтасып, тойға бірнеше спортшы барған. Олардың ішінде "Қазақстан барысы-2014" турнирінің жеңімпазы Мұхит Тұрсынов та бар. Ерасыл Мұзаппаров биылғы "Қазақстан барысының" финалында Абай облысының балуаны Ерасыл Қажыбаевтан жеңіліп, күміс жүлде иеленген еді. Сондай-ақ спортшы дзюдодан Ақтөбеде өткен ел чемпионатында -100 кг салмақта қола жүлдегер атанды. Ол дзюдодан бұған дейін бірнеше Гран При, Гранд Слэм турнирінде бақ сынаған.