Ол жарысты төрт жеңіспен және жеті тең ойынмен аяқтады.
Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында өткен рапид бойынша әлем чемпионатында үздік ондыққа енді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
«Бибісара Асаубаева 11 турдың қорытындысы бойынша 7,5 ұпай жинап, жарысты төрт жеңіс және жеті тең ойын көрсеткішімен аяқтады. Соңғы турда ол 17-дүниежүзілік чемпион, қытайлық Цзюй Вэньцзюньмен тең ойнап, оның чемпиондық атақ алу мүмкіндігін жоққа шығарды», — делінген хабарламада.
Жеңімпаздар тізімі:
Рапид бойынша турнир 26-29 желтоқсан аралығында өтті. Енді шахмат жанкүйерлерін 30 және 31 желтоқсан күндері блиц бойынша жарыстар күтіп тұр.