$ 501.28  526.19  5.86

Странджа турнирінде төрт боксшымыз жартылай финалға өтті

48 келіде Теміртас Жүсіпов пен 51 келіде Даниал Сәбит, 63,5 келіде Ертуған Зейнуллин мен Мұхаммедсабыр Базарбайұлы жартылай финалға шыққаны белгілі болды.

Фото: Бокс федерациясы
Фото: Бокс федерациясы

Болгарияда өтіп жатқан «Странджа» турнирінде Қазақстан ұлттық құрамасының төрт боксшысы жартылай финалға шықты. Сондай-ақ, тағы екі боксшы жарысты ары қарай жалғастыруға мүмкіндік алып отыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

48 келіде Теміртас Жүсіпов пен 51 келіде Даниал Сәбит, 63,5 келіде Ертуған Зейнуллин мен Мұхаммедсабыр Базарбайұлы жартылай финалға шыққаны белгілі болды.

Ширек финалда жұдырықтасқан Теміртас әзірбайжандық Субхан Мамедовті 4:1 есебімен жеңсе, Даниал Сәбит грузиялық Давит Джапаридзені 5:0 есебімен тізе бүктірді. Сондай-ақ, ол қарсыласын үшінші раундта бір рет нокдаунға түсірді.

Ертуған Зейнулин ширек финалда әзірбайжандық Руслан Рустамовты жеңіп, 4:1 есебімен өз шеберлігін көрсетті. Ал Мұхаммедсабыр ширек финалда ирландиялық Джейсон Невинге өзінің мықтылығын толық мойындатты. Бұл кездесуде төрешілер 5:0 есебімен жеңісті отандасымызға берді.

Бұдан бөлек, 60 келіге дейінгі салмақта Талғат Сырымбетов болгар боксшысы Тинко Банабаковтан басым түсті. Басынан ауыр жарақат алған қарсыласы екінші раундта кездесуден бас тартқан.

Павлодарлық Серік Теміржанов (60 кг) турнир барысында ирландиялық боксшы Риз Оуэнстен айласын асырып, 5:0 ұпайымен келесі кезеңге жолдама алды.

Бұған дейін 48 келіде Санжар Тәшкенбай жарақатына байланысты бірінші кездесуде жекпе-жекті тоқтатқан болатын. Сондай-ақ, Махмұд Сабырхан (54 келі) дәрігер шешімімен Странджа халықаралық турнирі аясындағы бүгінгі жекпе жегіне шықпайтыны айтылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары