Әлем чемпионатының негізгі жарыстарына Қазақстан құрамасының үш өкілі жолдама алған еді.
Швейцарияның Энгадин қаласында фристайл-могулдан әлем чемпионатының жарыстары өтті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Әлем чемпионатының негізгі жарыстарына Қазақстан құрамасының үш өкілі жолдама алған еді. Жарыс нәтижесінде Павел Колмаков пен Анастасия Городко оныншы орынға ие болды, ал Юлия Галышева 14-орынмен жарысты аяқтады.
Ерлер арасында жапондық Икума Хоришима жеңіске жетті. Күміс жүлдені канадалық Микаэль Кингсбери алды.
Бұған дейін Павел Колмаковтың фристайл-могулдан Швейцариядағы әлем чемпионатын сәтті бастағанын хабарлағанбыз.