$ 498.34  519.72  4.85

Қарағандылық 17 жасар қыз каратэ-додан Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

Қарағандылық спортшы Махаббат Тұрлыбекова каратэ-додан Азия чемпионатында қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды 24.kz.

«Малайзия астанасы Куала-Лумпурде 7-10 тамыз аралығында каратэ-додан Азия чемпионаты өтті. Қазақстанның намысын қарағандылық М.Тұрлыбекова қорғады. Ол жеке өнер көрсетуде қола жүлдеге ие болды», делінген ресми хабарламада.

Айта кетейік, 17 жастағы М.Тұрлыбекова – балалар мен жасөспірімдерге арналған жекпе-жек мектебінің оқушысы болып табылады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары