$ 439.43  473.31  4.82

Тағы бір боксшы Головкинді нокаутқа жіберетінін айтты

Кәсіпқой бокстан WBA және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкинмен тағы бір үміткер жұдырықтасқысы келеді, деп хабарлайды Baq.kz.

Мексикалық боксшы Марко Антонио Рубио қазақстандық қарсыласын нокаутқа жіберетінін мәлімдеді. Бұл жайында ол BoxingScene тілшілеріне берген сұхбаты барысында айтқан. 

– Мен үшін кіл мықтылармен жұдырықтасу абырой. Сол үшін мен өз алдыма ең қиын міндеттерді қойып отырмын. Мен боксты спорттық бәсекелестік деп түсінемін. Егер мықтылармен кездеспесеңіз бокспен айналысудың не қажеті бар? Мен өзімнің бірінші боксшы болатыныма сенімдімін және сол мақсатқа жету үшін еңбектеніп жатырмын, – дейді Рубио.

Оның пікірінше, Головкин өте жақсы боксшы. Бірақ ол Головкинге жақсы қарсылас атанып, нокаутқа жібере алатынына сенімді. Айтуынша, қазір сол жекпе-жекке дайындалып жатыр. «Әрине, қиын болады, бірақ мен барымды саламын» депті мексикалық боксшы өз сөзінде. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары