Айта кетейік, Сергей Ковалев өз уақытында WBA, IBF және WBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы болған.
42 жастағы ресейлік даңқты кәсіпқой боксшы Сергей Ковалев спорттағы мансабын аяқтады. Соңғы жекпе-жегін ол өзінің үйреншікті жартылай орта салмағында өткізіп, неміс боксшысы Артур Маннды нокаутпен жеңді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы 1bol.kz-ке сілтеп.
Кәсіпқой бокс кеші Ресейдің Челябинск қаласында өтті және оны IBA ұйымы ұйымдастырды. Ал, бәске IBA Intercontinental белбеуі тігілді.
Он раундқа жоспарланған жекпе-жек жетінші раундта орыс боксшысының техникалық нокаутымен аяқталды. Бірінші раундта бір рет нокдаун алған Манн жетіншінің басында да соққылар сериясын жіберіп алып, төреші екінші рет есеп ашты. Мұнан кейін неміс боксшысының бапкерлері ақ сүлгі лақтырып, жекпе-жекті тоқтатуды сұрады.
Айта кетейік, Сергей Ковалев өз уақытында WBA, IBF және WBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы болған. 2019 жылы ол даңқты мексикалық боксшы Сауль Альвареспен жұдырықтасып, 11-раундта ауыр нокаут алды.