Отандасымыз шешуші кезеңде ресейлік Денис Палшинмен кездесті.
Ресейдің Хабаровск қаласында өтіп жатқан бокстан Коротков атындағы турнирде қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов топ жарды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Отандасымыз шешуші кезеңде ресейлік Денис Палшинмен кездесті. Үш раундтың қорытындысы бойынша төрешілер бірауыздан Бибосыновты жеңімпаз деп таныды. Ол турнир чемпионы атанса, Палшин күміс жүлдеге ие болды, деп жазады 1bol.kz.
Сәкен осы жарыста 54 келіде жұдырықтасты.
Еске салайық, жартылай финалда 2021 жылғы әлем чемпионы, 2020 жылғы Олимпиаданың қола жүлдегері Сәкен Бибосынов екі дүркін Олимпиада чемпионы Хасанбой Дусматовтың інісі өзбекстандық Фарозбек Дусматовты 5:0 есебімен сенімді жеңген болатын.