$ 519.55  596.03  6.63

Қазақстандық балуандар Азия чемпионатында командалық есепте бірінші орын алды

Жарыс қорытындысы бойынша классиктер сегіз медаль жеңіп алды, оның төртеуі – алтын.

  •  
Фото: olympic.kz
Фото: olympic.kz

Вьетнамның Вунгтау қаласында өтіп жатқан 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы грек-рим күресінен сәтті өнер көрсетіп, командалық есепте көш бастады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қазақстан балуандары барлығы 197 ұпай жинап, Қырғызстан мен Өзбекстан құрамаларын артта қалдырды. Жарыс қорытындысы бойынша классиктер сегіз медаль жеңіп алды, оның төртеуі – алтын.

Алтын медаль иегерлері:

  • Ерасыл Мамырбеков (55 кг)

  • Исхар Құрбаев (60 кг)

  • Бағдат Сабаз (67 кг)

  • Ақжан Ықыласов (77 кг)

Сондай-ақ, Қазақстан командасы үш күміс және бір қола жүлдеге ие болды:

  • Мақсат Сайлау (87 кг) — күміс

  • Юсуф Мациeв (97 кг) — күміс

  • Жохар Узаров (130 кг) — күміс

  • Диас Қалтай (82 кг) — қола

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары