Үшінші айналымда отандасымыз чехиялық Томаш Махачпен кездеседі.
Галледе өтіп жатқан АТР 500 Terra wortmann open турнирінің екінші айналымында Александр Бублик әлемнің бірінші ракеткасы, италиялық Янник Синнерді жеңіп, сенсация жасады. Қорытынды есеп 3:6, 6:3, 6:4, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бұл қос теннисшінің өзара алтыншы кездесуі еді. Енді есеп – 2:4. Бір қызығы, Бублик екі мәрте де Синнерді дәл осы Галледе ұтқан.
Үшінші айналымда отандасымыз чехиялық Томаш Махачпен кездеседі.
Айта кетейік, Бублик екінші айналымға өту арқылы 69 100 еуро сыйақы мен 100 рейтингтік ұпай еншіледі.
Тағы бір қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Берлинде өтіп жатқан беделді WTA 500 турнирінің ширек финалына жолдама алды. Ол чехиялық Катерина Синяковадан 6:4, 7:6 басым түсті.
Енді ширек финалда Рыбакина әлемдік рейтингтің көшбасшысы, беларусьтік Арина Соболенкомен кортқа шығады. Маңызды кездесу бүгін, жұма күні Қазақстан уақытымен 19:00-де басталады.