$ 520.93  609.07  6.68

Өзбекстанның екі дүркін Олимпиада чемпионы екі жылға спорттан шеттетілді

Ең өкініштісі, Улугбек Рашитов небәрі – 23 жаста.

Фото: Өзбекстан президентінің баспасөз қызметі
Фото: Өзбекстан президентінің баспасөз қызметі

Өзбекстандық таэквондошы Улугбек Рашитов 2027 жылдың 12 мамырына дейін жарыстарға шыға алмайтын болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Улугбек Рашитов 1 жыл аралығында өзінің орналасқан жері туралы ақпаратты 3 мәрте дұрыс ұсынбаған. Бұл әрекет спорттық ережелерге сай емес. 

Таэквондодан әлемдік аренада мойындалған Өзбекстан өкіліне қатысты халықаралық тестілеу агенттігі (ITA) осындай күтпеген мәлімдеме жасап отыр. 

68 келіге дейінгі әлемдік рейтингтің үздігі, екі дүркін Олимпиада чемпионы антидопинг ережелерін бұзғаны үшін ресми түрде 2 жылға жарыстардан шеттетілген.

Ең өкініштісі, Улугбек Рашитов небәрі – 23 жаста. Ол 2002 жылдың 23 наурызында дүниеге келген. Токио және Париж Олимпиадасының чемпионы атанған өзбекстандық талантты спортшысы.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары