$ 520.93  609.07  6.68

Зарина Дияс Португалиядағы жарысты жеңіспен бастады

Бірінші партияда Зарина 6:3 есебімен басым түссе, екіншісінде тіпті дес бермеді – 6:0.

ҰОК
ҰОК

Қазақстандық теннисші, әлемнің 246-ракеткасы Зарина Дияс Порту (Португалия) челленджер турнирінің іріктеу сайысын сәтті бастап, келесі кезеңге жолдама алды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Іріктеу сынында бірінші ракетка болып тіркелген қазақстандық теннисші дүниежүзілік рейтингіде 1 423-орында тұрған португалиялық Ана Филипа Сантоспен шеберлік байқасты.

Бірінші партияда Зарина 6:3 есебімен басым түссе, екіншісінде тіпті дес бермеді – 6:0.

Бір сағат 3 минутқа созылған бәсекеде Дияс 10 брейк-пойнттың тең жартысын пайдаланды. Сантос 2 эйс, 1 брейкпен шектелді. 

Зарина Дияс іріктеу сайысының финалында рейтингіде 308-сатыдағы белоруссиялық Алена Фалеймен ойнайды. Оны жеңсе, негізгі жарысқа жолдама алады. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары