Дәл осылай өзгереді деп ойламаппын.
Аты аңызға айналған боксшы, Олимпиада ойындарының екі дүркін күміс жүлдегері Болат Жұмаділовті көпшілік танымай қалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Даңқты боксшыдан журналист Аслан Қаженов сұхбат алған.
«Бокстың ережесі қалай болды, солай қалды. Қолмен беттен тигізу керек, соққыларды жібермеу керек. Бұрынғыдан гөрі дамыған сияқты, өйткені бір орында тұрмайды еш нәрсе. Әрқайсысы ұтқысы келеді, төбелесіп кетеді кейбіреулер.
Әр боксшы өз тактикасын білу керек. Бокс баяғыдан бері төреші, төреші деп жүре береміз. Төрешілерге ұнауға тырысу керек. Сен оларға ұнасаң жеңісті береді», — деді әйгілі боксшы.