$ 538.33  626.99  6.71

«Барыс» КХЛ рейтингінде үздік бестікке кірді

Лиганың ең жас командасы болып «Сочи» танылды. Бұл клубтағы хоккейшілердің орташа жасы – 24,4.

ХК "Барыс"
ХК "Барыс"

Астаналық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасында (КХЛ) ең жас құрамға ие клубтар рейтингінде төртінші орынға жайғасты. Команда ойыншыларының орташа жасы – 24,7, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Лиганың ең жас командасы болып «Сочи» танылды. Бұл клубтағы хоккейшілердің орташа жасы – 24,4.

Жалпы рейтинг келесідей:

  1. «Сочи» — 24,4 жас

  2. «Спартак» (Мәскеу) — 24,6 жас

  3. ЦСКА (Мәскеу) — 24,7 жас

  4. «Барыс» (Астана) — 24,7 жас

  5. «Амур» (Хабаровск) — 24,8 жас

  6. «Торпедо» (Нижний Новгород) — 25,1 жас

  7. «Динамо» (Минск) — 25,6 жас

  8. «Автомобилист» (Екатеринбург) — 25,7 жас

  9. «Северсталь» (Череповец) — 26,0 жас

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары