Видео әлеуметтік желілерде өте тез таралуда.
Боксшы қыздарымыз әлем чемпионатында жарқырап, жеңіс тұғырынан көрінді. Қуанышты сәтте түсірлген олардың жеңіс биі трендке айналуда, деп хабарлайды деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
2025 жылғы Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында бокстан өткен әлем чемпионаты Қазақстанның әйелдер командасының зор жетістігімен аяқталды. Қазақстан құрамасы медальдық есепте үздік болып, үш алтын, бір күміс және екі қола медаль еншіледі.
Қазақстандық боксшылар Айда Әбікеева, Наталья Богданова және Алуа Балкибекова турнирден кейін өздерінің вирусқа айналған жеңіс биін биледі.
Видео әлеуметтік желілерде өте тез таралуда.
Біз тренд түсірмесек, қалай болғаны? Әлем чемпиондарынан жеңіс биі, - деп жазды Қазақстан бокс федерациясының ресми парақшасы.