$ 549.06  644.87  6.66

«Атмосфера керемет болды»: Хаби Алонсо жанкүйерлерге ерекше алғыс айтты

Матч 5:0 есебімен мадридтік клубтың пайдасына аяқталса да, «Реалдың» бас бапкері алаң иелерінің өнерін жоғары бағалады. 

Фото: championat.com
Фото: championat.com

Алматыда өткен «Қайрат» пен «Реал Мадрид» арасындағы кездесу аяқталғаннан кейін испандық клубтың бас бапкері Хаби Алонсо қазақстандық жанкүйерлерге және алаң иелеріне ерекше алғысын білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Қайрат Чемпиондар лигасында ойнауға толықтай лайық. Біз мұнда бұл команданың жанкүйерлер үшін қаншалықты маңызды екенін көрдік. Атмосфера керемет болды. «Қайратқа» сәттілік тілеймін. Егер бізде көбірек уақыт болғанда, осында тағы да ұзақ болғымыз келер еді. Бұл жерде таңғажайып таулар бар екен», – деді Алонсо.

Матч 5:0 есебімен мадридтік клубтың пайдасына аяқталса да, «Реалдың» бас бапкері алаң иелерінің өнерін жоғары бағалап, Алматыдағы көрермендердің қолдауын ерекше атап өтті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 7
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары