$ 549.06  644.87  6.66

«Қабылдау қажет»: «Қайраттың» бапкері ойынға қатысты пікір білдірді

Рафаэль Уразбахтиннің сөзінше, қарсылас мүлдем басқа деңгейде ойнайды, сондықтан мұндай нәтижені қабылдау қажет.

Фото: dzen.ru
Фото: dzen.ru

Алматыда өткен Чемпиондар лигасының ойынында «Қайрат» испандық «Реалдан» 0:5 есебімен жеңіліп қалды. Матчтан кейін қазақстандық клубтың бас бапкері Рафаэль Уразбахтин баспасөз мәслихатында ойынға қатысты пікірін айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Рафаэль Уразбахтиннің сөзінше, қарсылас мүлдем басқа деңгейде ойнайды, сондықтан мұндай нәтижені қабылдау қажет.

«Не айтуға болады? Біз әртүрлі салмақ дәрежесінде тұрмыз. Мұны мойындау керек. Мұндай қарсыласпен ойнау – біз үшін баға жетпес тәжірибе. Әрине, жеңілу әрқашан ауыр, кез келген командаға оңай емес. Бірақ бізге осыны қабылдау қажет. Өз деңгейімізде барымызды салдық: тырыстық, кей сәттерде жақсы да ойнадық. Мүмкін бір гол салуға мүмкіндік болды, бірақ соңына дейін жеткізе алмадық», деді ол. 

Бұл нәтиже «Қайрат» үшін ауыр соққы болғанымен, бапкер ойыншылардың тәжірибе жинағанын және үлкен қарсыластармен ойнаудың маңыздылығын атап өтті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 11
Ұнамайды 2
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары