Дүбірлі дода Үндістанның астанасы Нью-Делиде 17-22 қараша аралығында ұйымдастырылады.
2025 жылғы бокстан әлем кубогының финалдық кезеңінде Қазақстан мен Өзбекстан боксшыларының басты жекпе-жегі өтеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Дүбірлі дода Үндістанның астанасы Нью-Делиде 17-22 қараша аралығында ұйымдастырылады.
Англиядағы әлем чемпионатында және Астанада өткен Әлем кубогында Айбек Оралбайдың асығы алшысынан түссе, Жахонгир Зокиров Бразилия мен Польшадағы кезеңдерде жеңіске жеткен болатын.
Жер-жаһанның бокс жанкүйерлері ұзаққа созылған бұл бәсекенің шешуші жекпе-жегін тағатсыздана күтіп отыр. Финалдағы айқас бокстағы қазақ-өзбек текетіресін көз алдымызға әкеледі. Бұл жерде кімнің мерейі үстем болатынын ешкім тамыршыдай тап басып айта алмайды.
Кеше ғана Айбек Оралбайдың Ливерпульдегі әлем чемпионатының ақтық сынында Жахонгир Зокировты жеңгенін еске алсақ, оның да қарымта үшін барын салып дайындалатынын білеміз. Бірақ, сол кездесу Қазақстан құрамасының жалпыкомандалық есепте бірінші орынға шығуына ықпал еткен болатын.