$ 547.57  642.63  6.68

«Қуаныштан көзінен жас шықты»: Дастан Сәтпаев «Қайраттың» жейдесін қолдан, скотчтап жасаған кішкентай жанкүйерімен кездесті (ВИДЕО)

Бұл баланың есімі – Ықылас, ол Түркістан қаласында тұрады.

Фото: коллаж Sn.kz
Фото: коллаж Sn.kz

Жуырда әлеуметтік желіде бір видео көпшіліктің жүрегін елжіретті. Онда кішкентай бала қара жейде мен сары скотчтан «Қайрат» футбол клубының қолдан жейдесін жасап, арқасына өз кумирінің есімін — Сатпаев деп жазып алған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл баланың есімі – Ықылас, ол Түркістан қаласында тұрады. Оның бейнежазбасын көрген «Қайрат» футбол клубы кішкентай жанкүйерді жаттығу базасына арнайы шақырды.

Арманы орындалған Ықылас сол жерде өз кумирі Дастан Сатпаевпен кездесті. Клуб ойыншысы оған қолтаңбасы бар шынайы ойын жейдесін сыйлап, үлкен футболдағы сәттілігін тіледі.

Бұл ерекше сәт Ықыластың өмірінде мәңгі есте қалар естелікке айналды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары