$ 545.67  636.41  6.57

Шавкат Рахмонов UFC-дегі болашағына қатысты соңғы сөзін айтты

Күн сайын тынымсыз еңбектеніп жүрмін.

Фото: ©️ Турар Казангапов
Фото: ©️ Турар Казангапов

Жеңіліс дәмін татпаған қазақстандық ММА жұлдызы Шавкат Рахмонов спорттағы мансабына қатысты тараған ақпараттарға нүкте қойды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Күн сайын тынымсыз еңбектеніп жүрмін. Октагонға қайта оралу уақыты алыс емес. Тағы да айқас алаңына шығуға асығып жүрмін», — деп жазды Рахмонов X әлеуметтік желісінде.

Бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде спортшының жарақаты асқынып, ол UFC ұйымынан кетуі мүмкін деген мәлімет тараған еді. Алайда файтердің бапкері Эдуард Базров бұл деректі жоққа шығарып, Рахмоновтың толық жаттығу режимін жалғастырып жатқанын жеткізді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары