$ 442.05  474.14  4.74

Винченцо Нибали Астанаға келе жатыр

«Astana Pro Team» командасының сапында «Тур де Франс» велокөпкүндігінің 2014 жылғы жеңімпазы атанған Винченцо Нибали Астанаға келмек. Бұл туралы Астана қаласы спорт басқармасының баспасөз хатшысы Жанар Өтешева өзінің Instagram-дағы парақшасында хабарлады.

«Астана» клубы Астанаға келе жатыр! Бірнеше күннен кейін елордаға «Тур де Франс» жеңімпазы, «Астана» командасының капитаны - Винченцо Нибали, сонымен қатар көпкүндіктің 21 кезеңі бойы оны жетелеп келген  Микеле Скарпони, Якоб Фульсанг, Дмитрий Груздев пен Максим Иглинский ат басын тіремек», деп жазды Ж.Өтешева өз парақшасында.

Оның айтуынша, «Astana Pro Team» 23 тамыз күні Бурабайда велобәйгеге қатысады. Ал 24 күні өз өнерлерін астаналықтарға паш етеді.

Еске сала кетсек, жақында жыл сайынғы дәстүрлі «Тур де Франс — 2014» веложарысында «Астана» командасының капитаны, италиялық легионер Винченцо Нибали бас бәйгені олжалаған болатын. Осылайша Нибали әлемдік үш ірі Гранд-тур веложарыстарында жеңімпаз атанған әлемнің алтыншы велошабандозы болып отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары