$ 538.56  625.65  6.62

«Жамбас бұлшықетіне зақым келген»: Бахтиер Зайнутдинов тағы жарақат алып қалды

Қазір жағдайы дұрыс.

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

Мәскеудің «Динамо» клубының бас бапкері Валерий Карпин Ресей премьер-лигасының 12-туры аясында «Ахматқа» қарсы өткен ойында (2:2) қорғаушы Бахтиер Зайнутдиновті не себепті ерте алмастырғанын түсіндірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Зайнутдинов шат бұлшықеттерінің тұсында ауырсыну сезінді. Сол себепті оны 46-минутта ауыстыруға тура келді», – деді Карпин.

Клубтың бас дәрігері Александр Родионов та қазақстандық футболшының жағдайына қатысты пікір білдірді.

«Ойын кезінде Бахтиердің ішкі жамбас бұлшықеті ауырған, сондықтан ол өзі алмастыруды өтінді. Қазір жағдайы дұрыс. Алдағы тексерістен соң бәрі белгілі болады», – деді дәрігер.

27 жастағы Зайнутдинов биылғы маусымда Ресей премьер-лигасында сегіз кездесу өткізіп, екі рет Фонбет Ресей кубогында алаңға шыққан. Алайда әзірге гол не нәтижелі паспен көзге түскен жоқ.

Қазіргі таңда «Динамо» 16 ұпай жинап, премьер-лиганың турнир кестесінде сегізінші орында тұр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары