$ 538.56  625.65  6.62

«Мен 25 кг көтерілдім, ал Головкин үш килодан қашты!»: Қуат Хамитов шулы мәлімдеме жасады (ВИДЕО)

"Кездесу болмады, ал ол жекпе-жекті  бүкіл әлем күткен еді".

Фото: instagram.com/kuat__khamitov
Фото: instagram.com/kuat__khamitov

Қазақстандық ММА жауынгері Қуат Хамитов өзін әйгілі боксшы Геннадий Головкинмен салыстырды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Namys Fighting YouTube-арнасына берген сұхбатында танымал файтер Головкинді сынға алған сәтін еске алды.

— Неліктен мен бір кезде Головкинді сынадым? Бір кезеңде ол жекпе-жекке шығып, бәрін жеңіп жүрді. Сол кезде мен армандаған жекпе-жекті — Головкин мен Андре Уордтың кездесуін көргім келді. Головкин 73 килограмға дейінгі салмақта, ал Уорд — 76 килограмға дейінгі салмақта өнер көрсетті. Головкин сол кезде жеңілмеген «монстр» болатын, бірақ үш-ақ килограмға көтерілуден бас тартты. Кездесу болмады, ал ол жекпе-жекті  бүкіл әлем күткен еді.

Ал мен ше? Мен 70 килограммдық салмақтан бірден 25 килограмға көтерілдім. Енді мені «көтеріліп алып, ұтылды» деп сынайды. Ал адамдар өз салмағында жүріп-ақ бірінші немесе екінші раундта нокаутпен ұтылады — үйдегідей «ұйықтап» қалады. Ал мен 100 килограммдық «монстрмен» жарақатпен, оң қолсыз шықтым, бірақ соңына дейін айқастым. Жеңілсем де, берілмедім, «ұйықтаған» жоқпын, — деді Хамитов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары