$ 518.4  598.13  6.55

«Жігіттікке жатпайтын тірлік!»: Журналист өзбек боксшыларына шүйлікті

"Сіздер әлгі видеолармен арқадан қанжар қадап тастадыңдар!"

Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Қазақстан ұлттық құрамасының боксшылары Өзбекстан елінде өтіп жатқан оқу-жаттығу жиынына қатысуда. Осы ретте өзбекстандық мамандар әлеуметтік желілерде спаррингтерден видеолар жариялауда, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Журналист Аслан Қаженовтың айтуынша, аталмыш видеоларда өзбекстандық боксшылардың ұрып, ал, қазақ жігіттерінің таяқ жеп жатқан жерлерін ғана бейнеленген. Ол бұл әрекетті «жігіттікке жатпайтын тірлік» деп атады.

«Жігіттікке жатпайтын тірлік!

Дәл қазір Ташкент қаласында бокстан Қазақстан және Өзбекстан құрамаларының бірлескен жаттығу жиыны өтіп жатыр. Әсіресе, соңғы күндері спаррингтер ұйымдастырылғанын көріп отырмыз. Көріп отырғанда, өзбек тарапы жекпе-жектерді видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жүктеп жатыр. Өкініштісі, өзбек жігіттерінің ұрып жатқан, ал, қазақ жігіттерінің таяқ жеп жатқан жерлерін ғана қалдырған. Яғни, өздеріне ыңғайлы қылып, монтаждап алыпты. Бұл енді жігіттікке жатпайтын тірлік.

Біріншіден, жалпы спаррингтердің видеосын ешбір елде және ешбір жерде жарияламайды. Өйткені, басқа қарсыластары сол арқылы боксшының нақты әлеуетін және осал тұстарын біліп алады. Сондықтан, мысалы, бізде ондайды жарияламақ түгел, түсіруге де рұқсат жоқ. Екіншіден, оны монтаждап салғаны ұят. Ақпарат саласында жүрміз. Ақымақ емеспіз. Хабарласып біліп те отырмыз. Біздің жігітер жақтан соғып сұлатып, бүйірден ұтып құлатқан сәттер бар. Оны неге салмасқа? Оны неге көрсетпеске? Жалпы, жоғарыда айтқандай, салмаған дұрыс. Салған екенсіңдер, толық жекпе-жекті жариялаңдар. Бір тарапты ғана мықты болып көрсету, екінші тараптың артында тұрған бауырлары, жанкүйерлері және елі үшін қорлық болып саналады.

Негізі, қонақтарға құрмет деген болады. Ұлттық құрама жігіттері арнайы барып, біраз жаттығу жасады. Бір-біріне сыйлық беріп жатыр. Дастархандас болып жатыр. Тілектер айтылып жатыр. Ал, енді сіздер әлгі видеолармен арқадан қанжар қадап тастадыңдар! Иә, өзбек жігіттері мықты! Бірақ, біздікілер де осал емес! Шіли, мешок қылып көрсетудің қажеті жоқ. Шіли, төмендеудің керегі жоқ. Алдағы жарыстар кімнің-кім екенін көрсетеді! Бәріне сәттілік», — деп жазды журналист.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары