$ 508.2  589.82  6.54

Жәнібек Әлімханұлының допинг-тесті оң нәтиже көрсетті

Көптен күткен жекпе-жекке санаулы күндер қалғанда мұхиттың арғы жағынан жағымсыз хабар келіп жетті. 

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Қазақстандық боксшының 7 желтоқсанда Эрисланди Ларамен жекпе-жек өткізуі әзірге белгісіз. Кубалық WBA чемпионының бұл күні титулын өзге қарсыласпен қорғауы ықтимал, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Аталған ақпаратты The Ring басылымының инсайдері, DAZN тілшісі Майк Коппинджер жариялады.

Айта кетейік, орта салмақтағы үш бірдей чемпиондық белбеуі үшін Әлімханұлы мен Лара арасындағы жекпе-жек 7 желтоқсанда АҚШ-тың Техас штатындағы Сан-Антонио қаласында орналасқан Frost Bank Center аренасында өтуі тиіс болатын.

Ресми ақпарат күтеміз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары