$ 508.91  594.36  6.33

Шавкат Рахмоновтың келесі айқасы туралы ақпар пайда болды

Фото: Чемпионат
Фото: Чемпионат

DAR Team командасының бас бапкері Эдуард Базров Джек Делла Маддаленаның «Ислам Махачевпен қайта айқасу үшін алдымен Шавкатты жеңуім керек» деген сөзіне жауап қатты. Оның айтуынша, қазіргі таңда Рахмоновтың келесі жекпе-жегіне қатысты нақты ұсыныс та, күн де жоқ, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

«Бірде Бакли, бірде Маддалена шақырады. Бірақ ашығын айтайын, Шавкаттың келесі айқасы туралы нақты ақпарат жоқ. Командаға да, менеджер Саятқа да ешқандай ұсыныс түскен жоқ. Егер Маддаленамен жекпе-жек болса – жаман нұсқа емес, қызық бой болар еді», – деді Базров.

Бапкердің сөзінше, Джек Делла Маддалена – қауіпті қарсылас, өйткені оның боксы мықты әрі панчер ретінде әрдайым мүмкіндігі бар. Алайда Ислам Махачевке қарсы жекпе-жекте ол психологиялық тұрғыда дайын болмағанын көрсетті.

«Ол қатты күйіп кеткендей әсер қалдырды. Онысы қарсыласымен бетпе-бет келгенде-ақ байқалды. Жекпе-жекте сенімсіз қимылдады, толық ашыла алмады. Ал Ислам Махачев айқасты толық бақылап, өз деңгейін айқын көрсетті. Бұл 77 кг салмақта мықты жігіттер бар, бірақ олардың деңгейі ойлағандай биік емес екенін аңғартты», – деді маман.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары