Бұл номинацияда "Қайратпен" бірге бірқатар танымал ұжымдар бақ сынайды.
Алматылық "Қайрат" футзал клубы Futsal Planet Awards 2025 халықаралық сыйлығының "Әлемнің үздік клубы" аталымына үміткерлер қатарына енді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Бұл номинацияда "Қайратпен" бірге бірқатар танымал ұжымдар бақ сынайды.
Атап айтқанда, Испаниядан "Картахена" мен "Пальма", Аргентинадан "Бока Хуниорс", Таиландтан "Хонген Тхакам", Бразилиядан "Жарагуа", Италиядан "Мета Катания" және Уругвайдың "Пеньяроль" клубтары да тізімге кірген.
Futsal Planet Awards марапаты 2000 жылдан бері табысталып келеді. Қазақстанның футзал тарихында бұл сыйлықта ең көп көзге түскен ойыншы қақпашы Игита. Ол бұған дейін бес мәрте әлемнің үздік қақпашысы атанған.
2024/25 жылғы маусымда "Қайрат" футзалдан Чемпиондар лигасында жоғары нәтиже көрсетіп, финалға дейін жетті. Ақтық сында алматылық команда испаниялық "Пальмаға" 4:9 есебімен жол берді. Ал жартылай финалда "Қайрат" тағы бір испан клубы – "Картахенаны" 3:2 есебімен ұтып, жанкүйерлерін қуантқан болатын.
Аталған номинация бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер 7 қаңтар күні белгілі болады.