$ 510.95  594.49  6.5

Дастан Сәтпаев «Челсидің» болашақ құрамына енді

BBC бірқатар жас әрі болашағы зор футболшылар клубқа кіретінін жазды.

Фото: instagram.com/d.satpayev
Фото: instagram.com/d.satpayev

Британдық медиаалпауыт BBC Sport Лондонның «Челси» клубындағы жаңа ойыншыларға арналған материалында Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтпаевты атап өтті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

BBC мәліметінше, 17 жастағы қазақстандық футболшы биыл жаздың соңында бас бапкер Лиам Росеньордың командасына қосылуды жоспарлап отыр. Қазіргі уақытта Дастан Сәтпаев кәмелет жасына толғанға дейін «Қайрат» сапында жалға беру шартымен ойнап жүр.

Басылым «Челсидің» келесі маусымға арналған жоспарына бірқатар жас әрі болашағы зор футболшылар енгізілгенін жазады. Олардың қатарында «Спортингтің» вингері Жеовани Кенда (құны – 40 млн фунт), «Страсбурдың» шабуылшысы Эмануэль Эмегха, «Қайраттың» форварды Дастан Сәтпаев және «Коринтианстың» сол қаптал қорғаушысы Деннер Эванжелиста бар.

Сондай-ақ «көкшілдер» жақында «Индепендьенте дель Вальеден» қорғаушы Дейнер Ордоньесті сатып алу туралы келісімді рәсімдеген. Ол клубқа 2028 жылдың қаңтарында қосылады. BBC Sport Дастан Сәтпаевты «Челсидің» болашаққа бағытталған трансферлік саясаты аясындағы маңызды ойыншылардың бірі ретінде атап өткен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары