Геннадий Головкин Өзбекстан астанасына Азия Олимпиада кеңесінің 46-шы Бас Ассамблеясына қатысу үшін келген.
Өзбекстан бокс федерациясы Instagram желісіндегі ресми парақшасында World Boxing ұйымының президенті әрі Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің төрағасы Геннадий Головкиннің кездесу сәтінен видео жариялады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Геннадий Головкинді Ташкент әуежайында салтанатты түрде қарсы алып, ұшақтан түсе сала жылы лебіз білдіріп, гүл шоқтарын табыстады.
Айта кетейік, Геннадий Головкин Өзбекстан астанасына Азия Олимпиада кеңесінің 46-шы Бас Ассамблеясына қатысу үшін келген. Аталған беделді жиын дүйсенбі, 26 қаңтар күні Ташкент қаласында өтеді.
Форумға құрлықтағы 45 елдің ұлттық олимпиада комитеттерінің өкілдері мен халықаралық спорт саласының сарапшылары шақырылған.