$ 489.17  576.63  6.38

«Дұрыс шешім емес»: Асхат Тағыберген Ұлттық құрамаға қатысты ойын айтты

Айта кетейік, Асхат Тағыберген Қазақстан ұлттық құрамасы сапында 63 матч өткізіп, 3 голдың авторы атанған.

Фото: ҚФТ
Фото: ҚФТ

Қазақстан құрамасының экс-капитаны әрі Қостанайдың «Тобыл» клубының жартылай қорғаушысы Асхат Тағыберген ұлттық командаға қайта оралу мүмкіндігі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы 1bol.kz-ке сілтеме жасап. 

Спортшы ASnews YouTube-арнасына сұхбат берді.

Матчтан кейінгі сұхбатта футболшы команданың жеңісіне қуанышты екенін жасырмады. Оның айтуынша, «Ахмат» – осал қарсылас емес. Дегенмен, команда ойын барысында бапкердің барлық тапсырмасын орындап, соның нәтижесінде жеңіске қол жеткізген. Тағыберген оқу-жаттығу жиыны аяқталып, команда елге оралатынын да атап өтті.

Сондай-ақ кездесу барысында Қазақстан құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфиновтың болғаны туралы сұраққа жауап берген тәжірибелі ойыншы ұлттық құрамадағы мансабын аяқтағанын айтты. Оның сөзінше, бас бапкер өзін жастарға бағыт-бағдар бере алатын тәжірибелі футболшы ретінде қарастыруы мүмкін.

Ұлттық құрамаға қайта оралу ықтималдығына қатысты Тағыберген:

«Егер шұғыл қажеттілік туындап, арнайы шақырту болса, көмектесуге дайынмын. Алайда, шынымды айтсам, бұл дұрыс шешім болмас еді деп ойлаймын. Мені құрама сапынан лайықты түрде шығарып салды. Ел намысы үшін барымды салдым деген сезімдемін», – деді.

Айта кетейік, Асхат Тағыберген Қазақстан ұлттық құрамасы сапында 63 матч өткізіп, 3 голдың авторы атанған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0