$ 494.66  581.87  6.43

«Кеудеңе нан пісейін депті»: Еркебұлан Тоқтардың әрекеті көптің ашуына тиді (ВИДЕО)

Өнер иесі кейін көлігінің сырты сызылғанын айтып, бұл жайтқа реніш білдірді.

Коллаж: SN.kz
Коллаж: SN.kz

Еркебұлан Тоқтар әлеуметтік желідегі парақшасында көшеде болған жағдайды баяндады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Оның айтуынша, суретке түсеміз деген көптеген бала жанына жиналған.

Сол сәтте көлігі қасында тұрған. Өнер иесі кейін көлігінің сырты сызылғанын айтып, бұл жайтқа реніш білдірді.

Ол балаларға тәрбие беру керектігін, ата-аналар жауапкершілікті сезінуі тиіс екенін атап өтті.

Алайда мәселе сызаттың өзінен гөрі, айтылған сөздің мәнеріне тірелді.

Желі қолданушылары «Жай ғана машинаны сызды деп айтсаң жеткілікті еді», «Сені көтерген халық екенін ұмытпа», «Кеудеңнен нан пісейін депті» деген пікірлерін жаудырды.

Кейбірі танымал тұлғаның эмоцияға беріліп, халыққа жоғарыдан сөйлегенін сынға алды.

Басқалары оның мүлкіне зиян келгеніне түсіністік танытқанымен, көпшілік алдында әр сөздің салмағы болатынын еске салды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0