$ 494.66  581.87  6.43

Қазақстандық Әмір Омарханов Тунистегі турнирде топ жарды

Бірінші партияда қазақстандық-италиялық жұп 6:4 есебімен басым түсті.

Фото: ҰОК
Фото: ҰОК

Қазақстандық теннисші, 18 жастағы Әмір Омарханов жұптық сында Монастир (Тунис) ITF M15 турнирінің чемпионы атанды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Қазақстапдық теннисші италиялық Маттео Сибашимен бірге финалда жарыстың 4-ракеткалары, франциялықтар Александр Обриот – Сезар Бушелагеммен чемпиондық атақты сарапқа салды.

Бірінші партияда қазақстандық-италиялық жұп 6:4 есебімен басым түсті. Олар екінші сетте де сол басымдықтарын сақтап қалды – 6:3. Осылайша, Әмір Омарханов – Маттео Сибаши дода барысында турнирдің фавориттерін жеңіп, үздік шықты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0