Команда 24 сатыға көтеріліп, әлемдік рейтингте 486-орынға жайғасты. Осылайша, «Қайрат» Қазақстаннан топ-500-ге енген жалғыз клуб атанды.
Opta суперкомпьютері футбол клубтарының жаңартылған әлемдік рейтингін жариялады. Тізімге 13 мыңнан астам команда енді, олардың қатарында Қазақстан Премьер-лигасының клубтары да бар, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы 1bol.kz-ке сілтеме жасап.
Рейтингті жасау кезінде команданың ұлттық чемпионаттағы нәтижелері, лиганың жалпы деңгейі, сондай-ақ ел мен құрлық рейтингі ескерілген.
Қазақстан клубтарының ішінде ең жоғары орынды алматылық «Қайрат» иеленді. Команда 24 сатыға көтеріліп, әлемдік рейтингте 486-орынға жайғасты. Осылайша, «Қайрат» Қазақстаннан топ-500-ге енген жалғыз клуб атанды.
Әлемнің алғашқы мыңдығына Қазақстаннан тағы үш клуб кірді. Олар: «Астана» – 591-орын, «Тобыл» – 877-орын және «Ақтөбе» – 963-орын.
Opta рейтингіндегі ҚПЛ клубтарының орындары: