$ 482.32  553.37  5.63

Қазақстан футбол федерациясының вице-президенті тағайындалды

Давид Лория ҚФФ бас хатшы қызметінен онлайн дауыс беру арқылы босатылғаны хабарланған еді.

Фото: Давид Лория/ҚФФ
Фото: Давид Лория/ҚФФ

Қазақстан футбол федерциясында кадрлық өзгерістер орын алуда. Бұл Kommentator_Maulen телеграм арнасы мәлім етті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Бірер күн бұрын бас хатшылықтан кеткен Давид Лория федерациясының вице-президенті қызметіне тағайындалды.

Ол бұл лауазымға ҚФФ президенті Марат Омаровтың арнайы бұйрығымен тағайындалып отыр.

Жаңа қызметінде Давид Лория ұлттық құрамалар департаменті мен бұқаралық футбол бағытына жетекшілік етеді.

Бұл қатарға балалар футболы, аймақтардағы футболды дамыту және grassroots жүйесін күшейту секілді маңызды бағыттар кіреді.

Айта кетейік, Давид Лория ҚФФ бас хатшы қызметінен онлайн дауыс беру арқылы босатылғаны хабарланған еді.

Ол бұл қызметке 2025 жылдың 2 сәуірінде сайланған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0