$ 472.31  543.72  5.86

WBA Asia титулы: Сәкен Бибосыновтың жекпе-жегі өтпейтін болды

Боксшының өзі де бұл жаңалықты растап, жекпе-жек бір айға шегерілгенін ресми мәлімдеді.

Фото: Olympic.kz
Фото: Olympic.kz

Қазақстандық боксшы Сәкен Бибосыновтың кәсіпқой бокстағы WBA Asia титулы үшін жекпе-жегі кейінге шегерілді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Бастапқыда кездесу 17 сәуір күні Қырғызстанның Бішкек қаласында өтуі тиіс еді. Алайда ұйымдастырушылар турнир күнін өзгерту туралы шешім қабылдады. Жапониялық Saikou Lush промоушені Бибосыновқа бокс кешін жоспарланған уақытта өткізу мүмкін болмай қалғанын хабарлаған.

Бұған Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуі және соған байланысты әуе рейстеріне енгізілген шектеулер себеп болған. 

Енді бокс кеші мамыр айының соңына (22–24 мамыр) жоспарланып отыр. Бибосыновтың қарсыласы - индонезиялық Сурия Дхарма.

Боксшының өзі де бұл жаңалықты растап, жекпе-жек бір айға шегерілгенін ресми мәлімдеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0