$ 470.46  543.1  5.86

«Қайрат» «Астананы» ойсырата жеңіп, турнирлік кестеде көш бастады

Матч тағдыры 1-таймда-ақ шешілді. 

Фото: Қайрат ФК
Фото: Қайрат ФК

Қазақстан Премьер-Лигасының 4-туры аясында алматылық «Қайрат» өз алаңында елордалық «Астананы» 4:0 есебімен тас-талқан етті. 

Алаң иелері ойынның алғашқы минуттарынан-ақ қарқынды өнер көрсетті. Есеп 10-минутта ашылды. Эдмилсон жасаған қауіпті пастан кейін Жоржиньо дәл соққымен көзге түсті. Араға 12 минут салып «Қайрат» есепті еселеді. Бұл жолғы голдың авторы алматылықтардың жұлдызды ойыншысы - Дастан Сәтпаев. 

Бірінші таймның ортасына қарай алматылықтар ірі есепке қол жеткізді. 33-минутта Сәтпаев нәтижелі пас беріп, Жоржиньоны қақпашымен жеке-дара шығарып, португалиялық ойыншы дубль жасады. Ал бірінші таймға қосылған уақытта команда капитаны Александр Мартынович есепті 4:0-ге жеткізді.

Екінші таймда «Қайрат» ойын тізгінін толық бақылауда ұстап, қарсыласқа гол соғуға мүмкіндік берген жоқ. 

Нәтижесінде осы жеңістен кейін «Қайрат» 10 ұпай жинап, турнир кестесінде бірінші орынға көтерілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0