$ 470.46  543.1  5.86

Жәнібек Әлімханұлының келесі қарсыласы анықталды

Бұған дейін Дензел Бентли венесуэлалық Эндри Сааведрамен жұдырықтасып, мерзімінен бұрын жеңіске жетті.

Фото: @janibek_alimkhanuly/2sharp_d
Фото: @janibek_alimkhanuly/2sharp_d

Мельдоний ісінен кейін бір жылға шеттетілген қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы келесі жекпе-жегін британиялық Дензел Бентлиге қарсы өткізеді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Бұған дейін Дензел Бентли венесуэлалық Эндри Сааведрамен жұдырықтасып, мерзімінен бұрын жеңіске жетті. Жекпе-жек жетінші раундта аяқталды — британиялық боксшы қарсыласын айқын басымдықпен жеңіп, төреші кездесуді тоқтатуға мәжбүр болды.

Осы жеңістің арқасында Дензел Бентли WBO тұжырымы бойынша орта салмақта уақытша чемпион атанып, енді Жәнібек Әлімханұлымен жекпе-жек өткізетін болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0