Оған "Асылым" деген есім берген.
Ақмарал Науатбек алғаш рет ана атанып, қуанышты жаңалығымен бөлісті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Спортшы қыз баланы дүниеге әкеліп, оған "Асылым" деген есім берген.
Айта кетейік, оның жұбайы — танымал дзюдошы Мәди Амангелді. Ерлі-зайыптылар 2022 жылы отау құрған.
Ақмарал Науатбек 2024 жылы Париж Паралимпиада ойындары кезінде чемпион атанып, Қазақстанның мерейін үстем етті. Осы ірі жетістігінен кейін ол Metaratings Top Awards салтанатында «Үздік спортшы» номинациясын жеңіп алды.
Сонымен қатар, 2025 жылы Тбилисидегі парадзюдо Әлем кубогі жарысында да топ жарып, тағы бір мәрте жеңіс тұғырынан көрінді.