$ 479.82  559.9  6.15

Оразбек Асылқұлов Азия чемпионы атанды

Қарсылас өте тартысты өткен кездесуде Асылқұлов төрешілердің екіге жарылған шешімімен (3:2) жеңіске жетті.

Фото: Qazsport
Фото: Qazsport

Азия чемпионаты 2026 аясында Моңғолияның Ұлан-Батор қаласында боктан ерлер арасындағы финалдық жекпе-жектер басталды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Бұл сында Қазақстан құрамасының спортшылары да жүлде үшін бақ сынауда. 

60 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі шешуші жекпе-жекте Оразбек Асылқұлов үндістандық Сачинмен қолғап түйістірді. Қарсылас өте тартысты өткен кездесуде Асылқұлов төрешілердің екіге жарылған шешімімен (3:2) жеңіске жетті. Айта кетейік, бірінші раундты төрешілер бірауыздан үнді боксшысына берген.

Осылайша, Оразбек Асылқұлов Азия чемпионатының алтын медалін еншілесе, Сачин күміс жүлдегер атанды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0