$ 473.13  554.08  6.13

ҚПЛ: «Қызылжар» «Жеңісті» ірі есеппен жеңді

Екінші кезеңде Йоханнес Бьорталид 60, 80, Аслан Әділ 74-минутта қатарынан үш соғып кетті.

Фото: ҚФФ
Фото: ҚФФ

 Бүгін Қазақстан Премьер-лигасының V туры екінші ойын күніндегі үш кездесудің нәтижесі белгілі болды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Бұл турда «Қызылжар» (Петропавл) - «Жеңіс» (Астана) матчында жанкүйер күтпеген есеп тіркелді. Турнир кестесінде командалар қатарлас келе жатқан еді. Дегенмен бүгін петропавлдық клуб жеңіске жетуге бар күшін салды. 

Ойынның бірінші кезеңінде олар бір ғана гол соқты. Оны 35-минутта Анатолий Козленко өзінің еншісіне жазды. 

Екінші кезеңде Йоханнес Бьорталид 60, 80, Аслан Әділ 74-минутта қатарынан үш соғып кетті.

Сондай-ақ бүгін өз алаңында көкшетаулық «Оқжетпес» Павлодардың «Ертісін» 2:1 есебімен жеңсе, сырт алаңда дәл сондай есеппен Жезқазғанның «Ұлытауы» Өскеменнің «Алтайын» сүріндірді.

Енді бұл турды «Ақтөбе» - «Каспий» (Ақтау) кездесуі түйіндейді.

Айта кетсек, 11 сәуірде «Атырау» қызылордалық «Қайсардан» 2:0, Семейдің «Елімайы» талдықорғандық «Жетісуды» 1:0 есебімен жеңсе, «Тобыл» (Қостанай) — «Қайрат» (Алматы), «Астана» - «Ордабасы» (Шымкент) 1:1 есебіне қанағат білдірді.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0