Нұрхан Жұмағазы кәсіби ММА мансабындағы 11-ші жеңісіне қол жеткізді.
Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Нұрхан Жұмағазы (10-1) Жапонияның Фукуока қаласында өткен Rizin Landmark 13 турнирінде сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Жұмағазы жекпе-жекте жапониялық файтер Тенья Ёсимурамен (5-2) кездесті. Жекпе-жек жеңіл салмақта өтіп, үш раундқа жоспарланған болатын.
Кездесу толық үш раундқа созылып, төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен қазақстандық спортшының жеңісімен аяқталды.
Осылайша, Нұрхан Жұмағазы кәсіби ММА мансабындағы 11-ші жеңісіне қол жеткізді. Ал Тенья Ёсимура үшін бұл үшінші жеңіліс болды. Айта кетейік, бұл Жұмағазының Rizin промоушніндегі екінші жекпе-жегі.