Биылғы турнирдің жалпы жүлде қоры 1 049 083 еуроны құрайды.
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Германияның Штутгарт қаласында өтіп жатқан Porsche Tennis Grand Prix турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Ширек финалда қазақстандық теннисші канадалық Лейла Фернандесті үш сетке созылған тартысты кездесуде жеңді — 6:7, 6:4, 7:6. 3 сағат 2 минутқа созылған матчта Рыбакина мінез танытып, маңызды сәттерде сенімді ойынымен көзге түсті.
Осы нәтижесінің арқасында отандасымыз кемінде 57 395 еуро сыйақы мен 195 рейтингтік ұпайға ие болды.
Айта кетейік, Рыбакина турнирде бірінші нөмірмен тіркелген және басты фавориттердің бірі саналады. Бұған дейін ол 1/8 финалда ресейлік Диана Шнайдерді 6:3, 6:4 есебімен жеңген болатын.
Биылғы турнирдің жалпы жүлде қоры 1 049 083 еуроны құрайды.
Ал чемпион атанған теннисші 161 310 еуро мен 500 рейтингтік ұпай еншілейді.