$ 469.52  553.75  6.15

Қазақстандық қос дзюдошы Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

78 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін қазақстандық спортшы қола жүлде үшін Тайбэй өкілі Ван Цзесимен белдесті.

Фото: ҰОК
Фото: ҰОК

Қазақстан құрамасының дзюдошысы Аруна Жангельдина Қытайдың Ордос қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында үшінші орын үшін өткен белдесуде жеңіске жетті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

78 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін қазақстандық спортшы қола жүлде үшін Тайбэй өкілі Ван Цзесимен белдесті.

Негізгі уақыт ұпайсыз аяқталды. Кейін қарсыласы үшінші ескерту алып, соның нәтижесінде Жангельдина жеңімпаз атанды.

Осылайша, Аруна Жангельдина Қазақстан құрамасына Азия чемпионатындағы бесінші медальді сыйлады.

Жұбаныш кезеңі арқылы үшінші орын үшін таласқа түскен Айдар Арапов (-90 кг) Ханчжоуда өткен Азия ойындарының чемпионы Эрлан Шеровты (Қырғызстан) жеңді.

Бұған дейін Әділет Алмат (81 келіге дейін) алтын медаль жеңіп алған.

Ал Эсмигүл Куюлова (63 келіге дейін), Абылайхан Жұбаназар (81 келіге дейін) және Айдар Арапов (90 келіге дейін) қола жүлдегер атанған.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0