$ 469.52  553.75  6.15

«Қайрат» Ақтаулық «Каспийден» басым түсіп, ҚПЛ-да көш бастады

Екінші кезеңде «Қайрат» сапынан Дастан Сәтпаевтың берген пасын Эдмилсон 55-минутта голға айналдырса, 85-минутта Жоржиньо қорытынды есепті белгіледі.

Фото: ФК Қайрат
Фото: ФК Қайрат

Алматылық «Қайрат» футболдан Қазақстан Премьер-лигасы алтыншы турында Ақтаудың «Каспийінен» басым түсті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Кездесу барысында алматылық команда қарсылас қақпасына жылдам гол соғу мүмкіндігін іздеді. Дегенмен бірінші кезеңде командалар бір-бірінің қақпасынан саңылау таба алған жоқ.

Екінші кезеңде «Қайрат» сапынан Дастан Сәтпаевтың берген пасын Эдмилсон 55-минутта голға айналдырса, 85-минутта Жоржиньо қорытынды есепті белгіледі.

Осылайша «Қайрат» қарсыласынан 2:0 есебімен басым түсті.

Бұл жеңістен кейін алматылық клуб турнир кестесінде 14 ұпаймен бірінші орынға көтерілді.

Айта кетсек, бұдан бұрын «Елімай» (Семей) — «Астана» 2:2 есебіне қанағат білдірсе, павлодарлық «Ертіс» өз алаңында Талдықорғанның «Жетісуына» 1:2 есебімен есе жіберді.

Бірінші кезеңнен «Ордабасы» (Шымкент) — «Оқжетпес» (Көкшетау) 0:0 есебімен тең түсіп жатыр. 

Екінші ойын күні, 19 сәуірде 15:00–де «Ұлытау» (Жезқазған) — «Тобыл» (Қостанай), 16:00–де «Атырау» — «Қызылжар» (Петропавл), 17:00–де «Жеңіс» (Астана) — «Ақтөбе», 19:00–де «Қайсар» (Қызылорда) — «Алтай» (Өскемен) шеберлік байқасады.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0