$ 469.52  553.75  6.15

Porche көлігін иеленді: Елена Рыбакина мансабында екінші рет Штутгарттағы турнирде топ жарды

Бір сағат 19 минутқа созылған бәсекеде Рыбакина 3 эйспен бірге 8 брейк-пойнттың төртеуін өз есебіне жазды.

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

Қазақстанның бірінші, әлемнің 2-ракеткасы Елена Рыбакина Штутгарт (Германия) WTA 500 турнирінде топ жарды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Жарыстың 1-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші WTA рейтингісінде 12-орында тұрған чехиялық Каролина Муховамен чемпиондық атақты сарапқа салды. 

Қарсыластар осыған дейін өзара үш рет кездесіп, соның екеуінде Мухованың мерейі үстем болған еді. Бұл жолы Рыбакина матчты сәтті бастады – 3:0. Алайда ол сетке доп бергенде, мүлт кетіп, Мухова таразы басын теңестірді – 5:5. Дегенмен Елена тағы бір брейкпен түйіндеді – 7:5. 
Қазақстандық теннисші екінші партияда қос брейкпен алға кетті – 5:0. Ақыры матчқа доп бергенде, қателескен жоқ - 6:1.

Бір сағат 19 минутқа созылған бәсекеде Рыбакина 3 эйспен бірге 8 брейк-пойнттың төртеуін өз есебіне жазды. Мухова 2 эйс, 1 брейкпен ерекшеленді. Осылайша, Е.Рыбакина Штутгарт турнирінің екі дүркін чемпионы атанды. Ол 2024 жылы топ жарған еді. Өткен жылы қатыспағандықтан, қазақстандық теннисші Штутгарттағы жеңіс сериясын 8 матчқа жеткізді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0