Әсел Қанай биылғы Премьер-лига турнирлерінен тұрақты түрде жүлде алып келеді.
Каратэден WKF нұсқасы бойынша әйелдер арасындағы әлемдік рейтинг жаңартылып, үздіктер қатары қайта айқындалды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Қазақстан каратэ федерациясынан мәлім еткеніндей, бұл тізімде бірден үш қазақстандық спортшы өз салмақ дәрежесінде әлемдік рейтингтің көшін бастап тұр.
Атап айтқанда, Мөлдір Жаңбырбай (50 кг), Әсел Қанай (61 кг) және Софья Берульцева (+68 кг) үздік нәтиже көрсетті.
Мөлдір Жаңбырбай жүктілігіне байланысты бір жылға жуық уақыт бойы жарыстарға қатыспаса да, ұпай саны бойынша бірінші орында тұр.
Әсел Қанай биылғы Премьер-лига турнирлерінен тұрақты түрде жүлде алып келеді.
Ал Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Софья Берульцева қатарынан үш Премьер-лига додасында топ жарып, Grand Winner атағын алуға бір қадам жақындады.