$ 461.37  542.16  6.14

Қазақстан құрамасы нысана көздеуден Әлем кубогінде 2 алтын медаль алды

Әлем кубогының кезеңі 27 сәуірге дейін жалғасады.

Фото: ҰОК
Фото: ҰОК

Мысырдың Каир қаласында нысана көздеуден жасөспірімдер арасында Әлем кубогінің кезеңі өтіп жатыр, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Жарыс аясында Қазақстан құрамасы екі алтын медаль жеңіп алды.

50 метрден мылтықпен жатып ату сайысында Олег Носков топ жарды. 

Сондай-ақ 25 метрден тапаншамен атудан Кирилл Цуканов жеңіс тұғырының бірінші сатысына көтерілді.

Айта кетейік, Әлем кубогының кезеңі 27 сәуірге дейін жалғасады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0