23.04.2026, 20:30

Алуа Балқыбекова Бразилиядағы әлем кубогын жеңіспен бастады

Фото: ҰОК

Бұл – Алуаның биылдыққа бақ сынап отырған алғашқы турнирі. 

Екі дүркін әлем чемпионы Алуа Балқыбекова Бразилиядағы әлем кубогын сәтті бастады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

51 салмақ дәрежесінде бақ сынаған отандасымыз болгариялық Златислава Чуканованы 4:1 есебімен жеңді. 

Төрт төреші 30-27 есебімен қазақстандық спортшыны басым түсті деп есептесе, бір төреші 29-28 есебімен болгариялық үздік шықты деп есептеген. 

Айта кетейік, бұл – Алуаның биылдыққа бақ сынап отырған алғашқы турнирі.